Қоғам

«AMANAT» партиясы жаңа жобаны іске қосты

 

Бас партия жаңа жобаны іске қосты. Бұл жөнінде «AMANAT» ұйымының төрағасы Ерлан Қошанов хабарлады. “Құқықтық көмек” атты бағдарлама өңір тұрғындарының құқығын қорғауға бағытталған. Пилоттық жоба аясында сотта, қылмыстық істерде қылмысты қудалау органдарында, одан да басқа жағдайда азаматтарға өкілеттік етуге, арыз-талап толтыруға, өзін қорғауға көмек көрсетіледі. Сонымен қатар, қаржы және құқықтық мәсәлелер бойынша кеңес беріледі.


ЕРЛАН ҚОШАНОВ, «AMANAT» партиясының төрағасы:
Жасыратыны жоқ, бізде қоғамда азаматтардың, біріншіден, құқықтық және қаржылық сауаттылығы көп жерлерде әлі де төмен. Сондықтан, біз – «AMANAT» партиясы құқықтық көмек жобасын қолға алдық. Бірақ, шалғайдағы ауыл тұрғындарының бәрі бірдей кәсіби көмекке қол жеткізе алмайтыны да шындық. Сондықтан, осы жоба аясында партиямыздың заңгерлері ауыл-ауылды аралап, халыққа арнайы құқықтық көмек көрсететін болады. Әділдік пен заңның үстемдік құруы осындай нақты істерден басталуы керек.


Алдияр Айтпаев