Қоғам

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң күшейтілді

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң күшейтілді. Қабылданған түзетулер сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы одан әрі жетілдіруге, оның ішінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жаңа құралдарын енгізу мен құқықтық олқылықтарды жоюға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген азаматтардың шығыстары мен кірістерінің сәйкестігін бақылау арқылы негізсіз байыту үшін жауапкершілік енгізіледі. Енді әрбір жағдайда мемлекеттк қызметшіге шығыстардың заңдылығын растауға мүмкіндік беріледі. Егер ол мұны істей алмаса, алшақтық сомадан 90 пайыз айыппұл қарастырылған. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған адамды қорғау шаралары да күшейтілді. Бұл жандарды тәртіптік комиссияның немесе өзге алқалы органның ұсынымдарынсыз тәртіптік жауапкершілікке тарта алмайды, лауазымнан босата алмайды.


Самал Жунусова