ТЖ

Өрттен ер адамды құтқарған 19 жастағы қыз медальмен марапатталды

Жас та болса бойынан таудай батылдық табылған Мария Симонова бүгін «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.
Студент қыз қаңтардың 1-і күні өрттен 33 жастағы ер адамды алып шыққан. Оқиға қаңтардың 1-і күні кешке таман Жұмысшы кентінде болды. Үйдің отқа оранып жатқанын көрген Мария Симонова ойланбастан ішке кірген. “Бойымда қорқыныш болған жоқ. Ойым үйдегі адамды аман алып шығу болды дейді”,- батыр бойжеткен.

МАРИЯ СИМОНОВА,
–  Әпкем екеуміз қонақтан келе жатқан едік. Жолда қою қара түтін шығып жатқан үйді көрдік. Әпкемді біздің үйге әкемді көмекке шақыруға жібердім. Өзім сол үйге кіріп кеттім де шығар есікке қарай төрт тағандап келе жатқан ер адамды көріп қалып, оны сыртқа алып шықтым. Үй иесі мас болды. Сол күйінде пеш жаққан, салдарынан өрт шыққан.

Үй иесі баспанада өзі жалғыз болған. Үй жанып кетті. Жалпы, жыл басынан бері облыста ??? өрт болып, 240 адам құтқарылыпты.
Жуырда ТЖД басшылығы өрттен адам құтқарған танымал спортшы Евгений Павловты да марапаттаған болатын. Бір қызығы, бүгінгі батыр қыз бен спортшы – бір мектептің түлектері.


Гульден Симбаева