Қоғам

Қуғын-сүргін құрбандары туралы көптомдықтың 3-еуі СҚО-ға тиесілі

 

Мемлекет басшысына Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия материалдарының негізінде дайындалған көптомдық таныстырылды. Белгілі ғалымдар мен сарапшылардан құрылған комиссия мүшелері еліміздің архивтерінде, соның ішінде СҚО-да да ауқымды жұмыс жүргізіп, жабық қорларда шаң басқан деректер көтерілді. Атқарылған ауқымды шаруаның аясында 31 томдық құжат жиналған екен. Оның 3 томы Солтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Еңбектерде 100-ден астам қуғын-сүргінге ұшыраған жерлесіміз жайлы жазылған.


Дана Ешкенова