Қоғам

Қаланы қардан тазалау

Сағат түнгі 10. Индустриальная көшесі. Қар тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қолдарына күрек ұстаған жандар – “Благоустройство Север” серіктестігінің жұмысшылары. Бұл жерде бірнеше техника да жүр.

БОЛАТ БУХАНОВ, “Благоустройство Север” ЖШС директоры:
–  Қаланы қардан тазарту мақсатында Петропавлда 9 бағыт белгіленген. Осы бағыттар бойынша жұмыс істейміз. Қар тазалауға қараңғы түскенде шығамыз, өйткені түнге жақын қалада көлік қозғалысы бәсеңдейді.

Облыс орталығын қыс бойы күтіп ұстауға 250 адам мен 200-ге тарта техника жұмылдырылып отыр. Сондай-ақ, тағы 30 арнайы көлік резервте тұр. Қар тазалау жұмыстарының сапасы – мәслихат депутаттарының назарында.

АРМАН БЕРДАҒҰЛОВ, қалалық мәслихаттың төрағасы:
–  Бірнеше күн бойы қаламызға қар молынан түсті. Оны коммуналдық қызметкерлер қалай жинастыратынын, қаланың сыртына қалай шығаратынын қадағалап, қарап жүрміз. Жұмыстар жақсы қарқымен жүргізіліп жатыр.

Қаладан шығарылған қар қайда төгіледі? Осы мақсатта облыс орталығының шетінен 3 полигон қарастырылған.

ӘСЕМ АЙТУЛОВА, қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы:
– 12 Бірінші кезекте қар магистральды көшелер мен әлеуметтік нысандардан шығарылады. Одан кейін бұл жұмыстар қаланың шеткі аудандарында жүргізіледі. Жолдарға құм мен тұз араласқан қоспа себу жұмыстары да жүргізіледі. Биылғы қысқа бізде 2,5 мың текше метр қоспа дайындалды. Бұл бір қысқа толығымен жетеді.

Жалпы, қаланы қардан тазарту жұмысы кешкі сағат 8-ден таңғы 5-ке дейін жүргізіледі.


Алдияр Айтпаев