Құқық қорғау органдары

Қала тұрғыны полицейлерге бір ғасыр бұрын жасалған қару өткізді

58 жастағы ер адам құнды олжаны көптен бері есігін ашпаған гаражынан тапқан. Қапқа салынған көне қару күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде анықталды. Аңшылыққа әуестігі бар азамат заңсыз сақталған қару үшін қарастырылған жауапкершіліктен хабардар, сол себепті, табылған дүниені ерікті түрде полицейлерге өткізіпті. Қару зерттеуге жіберілді. Әзірге, оның оқ атуға жарамды және 1893-98 жылдар аралығында шығарылған деген болжам бар. Келешекте құнды жәдігер полиция департаментінің музейіне тапсырылмақ. Статистикаға сүйенсек, өткен жылы өңірде заңсыз айналымнан тіркелмеген 128 атыс қаруы алынды.