Құқық қорғау органдары

Жергілікті ювеналдық полиция есебінде 39 отбасы тұр

 

 

Қараусыз қалған үйлер, жертөлелер, ойын-сауық орындары мен қала көшелері. Жасөспірімдермен және оларға қатысты жасалатын қылмыстарды, құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында жергілікті ювеналдық полицейлер апта сайын рейд өткізеді. Былтыр 167 іс-шара ұйымдастырылып, 1 мыңнан астам тұлға жауапкершілікке тартылыпты. Оның 669-ы – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуына жол берген заңды өкілдер. Қолайсыз отбасыларға да ерекше назар аударылады. Қазіргі таң Петропавлда мұндай 39 жанұя есепте тұр. Өткен жылы 27 отбасыға қатысты материалдар жауапты комиссияның отырыстарында қаралыпты. Кей жағдайларда полицейлер жасөспірімдерді арнайы білім беру ұйымдарына жібереді. Артта қалған 12 айдың ішінде сотпен 4 бала осындай мекемелерге жеткізіліпті. Олардың екеуі – 16 және 17 жастағы апалы-сіңлілілер.