Құқық қорғау органдары

СҚО-да мал ұрлығы азайды

 

Облыста 2021 жылы – 29, былтыр 20 мал ұрлығы тіркелген. Біреудің төрт түлігін қолды қылу фактілері 31 пайызға төмедеді. Мүліктік ұрлық саны 1400-ден асады. Өткен жылға қарағанда 18,8%-ға кеміген. Соның ішінде баспана тонау мен телефон жымқыру жайттары айтарлықтай азайыпты. Қылмыстарды ашуда бейнекамералардың септігі тиіп жатыр. Өткен жылы үйге түскен ұрыларды анықтау жұмыстарының 75 пайызы құрылғылардың көмегімен жасалған. Тәртіп сақшыларының сөзінше, бөтеннің мүлкін жымқыруға көбінесе спирттік ішімдік ішкен жандар барады.