Құқық қорғау органдарыТЖ

Шал ақын ауданында жоғалып кеткен балықшы әлі табылған жоқ

 

Шал ақын ауданында жоғалып кеткен балықшы әлі іздестіріліп жатыр. Осыдан бірнеше күн бұрын Ғабит Мүсірепов ауданының 3 тұрғыны көрші ауданның Ступинка елді мекені маңындағы көлге қармақ салуға барады. Алайда, үйлеріне тек екеуі қайтады. Қазіргі таңда 31 жастағы Болат Ақиев іздестіріліп жатыр. Көлде бірге болған қос азаматтан жауап алыныпты. Олар достар арасында ешқандай дау туындамағанын, Болат Ақиевтің өз еркімен кетіп қалғанын айтқан. Дегенмен, жерлесіміздің қай жаққа жол тартқаны белгісіз.

БЕКТҰРҒАН ОМАРОВ, Шал ақын аудандық ТЖБ бастығы
– Балық аулау кезінде балықшылар алкогольді спирттік ішімдік ішкен. Іздестіру шарасына 13 адам мен 2 бірлік техника қатысуда. Тимирязев ауданынан да көліктер алынды. Іздестіруге ауыл тұрғындары да көмектесуде.