Құқық қорғау органдары

Өңірде заңсыз аң аулау фактісі тіркелді

 

 

Өңірде заңсыз аң аулау фактісі тіркелді. Заңбұзушылық Қызылжар ауданында орын алды. Солтүстікқазақстандық полицейлер жақында рейд барысында “Mitsubishi Montero” маркалы көлікті тоқтатқан. 41 және 38 жастағы петропавлдықтар тізгіндеген темір тұлпардың артқы есігінде қан іздері болған. Тінту кезінде машинадан арнайы қапшыққа салынған 12-ші калибрлі “ATA-ARMS” тегіс ұңғылы қару мен 3 сібір елігінің еті салынған сөмке табылды. Петропавлдықтардың тек бір қоянды ғана атуға рұқсат қағаздары бар болып шықты. Заңның ала жібінен аттағандар 6 мың АЕК көлемінде айыппұл арқалайды немесе бас бостандықтары 3 жылдан 6 жылға дейін шектеледі немесе бас бостандықтарынан айырылады. Жалпы, өткен жылы өңірде мұндай 19 факті тіркелген.