Білім

Мектеп асханаларында тамақ құны көтеріле ме?

 

 

Соңғы уақытта қоғамда оқушылардың тамақтануы қымбаттайды деген қауесет тарады. Белгілі болғандай, мектеп асханасында қызмет көрсетететін кәсіпкерлік өкілдері 9-шы қаңтардан бастап тамақ құнын 50 теңгеге көтермекші болған. Бұған азық-түлік бағасының қымбаттауын алға тартып отыр. Алайда, ата-аналар қауымы бұл жаңалықты ести сала наразылық таныта бастады. Бұл жайында қалалық білім бөлімінің мамандары не дейді?

БҰЛБҰЛ АХМАДИҚЫЗЫ, Петропавл қаласының білім бөлімі басшысының орынбасары:
–  Қала бойынша әлеуметтік осал топтағы балаларға арналған жалпыға бірдей білім беру қоры бойынша мектептердегі тамақтану құны өспейді және бұрынғы деңгейде – 500 теңгеде қалады. Ата-аналардың төлемі есебінен тамақтану құнын 550 теңгеге дейін өсіру бойынша, «Ботақан» қоғамдық бірлестігінің хабарламасын әр мектепте қамқоршылық кеңесі мен ата-аналар комитетінің жиналысына кәсіпкерлердің шақырылуымен талқылауына шығарылады. Қазіргі уақытта бұл мәселе бойынша жұмыс жүргізілуде.