Құқық қорғау органдары

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткен жылды қорытындылады

 

 

– Пресечен канал поставки более 1 кг 200 грамм – соли; синтетического наркотика. Это 28-летняя жительница города Петропавловска пыталась провезти в город крупную партию наркотиков.

Тәртіп сақшылары қоғам дертін тежеу мақсатында жыл бойы бірнеше профилактикалық шара өткізген. Келіп түскен ақпаратқа сүйенсек, облыста 12 ай ішінде есірткіге қатысты 242 бұзушылық тіркелген. Заңсыз айналымнан 400 келіден астам түрлі зиянды зат алынды. Оның 3 жарым келісі – синтетикалық түрі. 500-ге жуық есірткіге тәуелді жан есепте тұр. Бұл облыстағы жағдай. Ал қала бойынша цифрлар қандай?

ЖАНГЕЛДІ ӘПЕНОВ, қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы:
– 2022 жылы 130 есірткі құқықбұзушылығы, оның ішінде 36 теріс қылық және 94 қылмыс тіркелді. Есірткі заттарын өткізудің 79 фактісі анықталды. Заңсыз айналымнан 68 кг 0,84 грамм түрлі есірткі заттар, оның ішінде 3 кг 423 грамм синтетикалық есірткі алынды. Статисткалық мәліметтерге сәйкес, Петропавл қаласында есепте 389 есірткіге тәуелді тұр. Екеуі – кәмелетке толмағандар. Қылмыстық жауапкершілікке 96 адам тартылды.

 


Қазіргі таңда есірткі сатқан адамға 10-нан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.