Қоғам

Мемлекеттік баж өзгерді

Биылғы жылдың басынан бастап ХҚКО-ларда негізгі құжаттарды алу кезіндегі мемлекеттік баж өзгерді. Енді 1 АЕК 3450 теңгені құрайды. Бұл мемлекеттік баж мөлшерімен тікелей байланысты. Осы ретте Салық кодексіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжат үшін мемлекеттік баж көлемі 0,2 АЕК, яғни 690 теңгені құрайды. Төлқұжат құны 27 мың теңгеден асады. Аталған құжат түрін және жеке куәлікті беру мерзімі өтініш берілген сәттен бастап 15 жұмыс күнінен аспайды. Дегенмен, процесті ақылы түрде жеделдету мүмкіндігі бар. Петропавлда бұл іс 2 мың-5 мың аралығын құрайды. Неке қию туралы куәлікке – 3450, жүргізуші куәлігі үшін 4 312 теңге төлеу керек. Туу туралы куәлік тегін беріледі. Бірақ, құжаттағы жазбаны өзгерту, толықтыру, түзету немесе қалпына келтіру үшін 1 725 теңге төлеу қажет.