Қоғам

Қоныс аударушылар 241 мың теңгеден астам біржолғы төлем алады

 

Солтүстік және Орталық Қазақстанға қоныс аударушылар 2023 жылы 241 мың теңгеден астам біржолғы төлем алатын болады, деп хабарлайды LS сайты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы биыл 8 652 адамға дейін өскен. Оның ішінде 138 қандас пен 2 660 қоныс аударушыға тиесілі квота аққайыңдар өлкесіне бөлініп отыр. Келушілерге бірқатар субсидиялар беріледі. Мәселен, отбасының әрбір мүшесіне көшуге 70 АЕК көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Былтыр бұл сома 222 600 теңгені құрады. Сонымен қатар, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстар үшін ай сайын әр жанұяға 51 мыңнан 103 мың теңгеге дейін бөлінеді. Еңбек министрлігі 91 жылдан бастап 23-тің 1-ші қаңтарына дейін Қазақстанға 1,1 млн этникалық қазақ оралғанын атап өтті. Өткен жылы қандастар мәртебесін 19,2 мың адам алған.