ТЖ

Жолдағы шектеу шаралары сақталуда

 

 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдағы қозғалыс қиындады. Демалыс күндері қыс қаһарына мініп, өңірде ақтүтек боран соқты. Салдарынан трассалар бірінен соң бірі жабылды. Жалпы, бұл күндері өңірде 3 республикалық, 2 облыстық және аудандық маңызы бар 24 жол учаскесі жабылды.

ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ, СҚО ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасының бастығы:
–  Бүгінгі күні шектеу шаралары 2 учаскеде сақталған. Жолаушылар тасымалдайтын және дизель отынымен жүретін көліктердің қозғалысына Ғ.Мүсірепов ауданындағы Тоқсан би және Жамбыл ауданындағы Пресновка ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейінгі аралықта жол жүруге болмайды. Өйткені, бұл бағытты қар басу қаупі жоғары.

Боран 2 күн бойы үдетті. Абырой болғанда, жолда ірі оқыс оқиға тіркелген жоқ. Аудандарда тұралап қалудың 3 фактісі ткіркелген екен. Оның бәрі жергілікті атқарушы органдардың көмегімен шешілген. Осы күндері біреуді жылыту қосынына жеткізудің қажеттілгі туындамаған.

ВЛАДИМИР ХУТИНАЕВ, СҚО ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасының бастығы:
– Жылыту қосындарының басым көпшілігі Айыртау мен Ғ.Мүсірепов аудандарында орналасқан. Облыс аумағында осындай барлығы – 300-ден астам жылыту қосыны жұмыс істеп тұр. Жолда қалған жандар негізі сонда жеткізіледі. Сенбі-жексенбіде ондай қажеттілік туындаған жоқ.

Жалпы, осы күндері 112 нөмірі арқылы ауа райының қолайсыздығы мен жолдағы шектеулерге қатысты 500 мыңға тарта абонентке хабарлама жіберілген.