Құқық қорғау органдары

Жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты

 

 

Жаға ұстатар жайттың жай-жапсары анықталуда. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Естеріңізге сала кетейік, 7-ші қаңтар күні “Мамлют-Қостанай” автожолында жаға ұстатар жайт орын алды. Nissan Murano, Audi A6 және Toyota Avensis маркалы көліктер бір-біріне соғылған. Салдарынан Toyota машинасын тізгіндеген 36 жастағы жүргізуші мен 17 жастағы жолаушысы қайтыс болды. Тағы 8 адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемелерге жеткізілді. Біреуі – 2014 жылғы бала. Күні кеше де өңірде мұндай 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Екеуі де Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылы маңында болды. Біріншісі жағдайда екі адам жарақат алды. Үш көліктің қатысуымен болған үшінші оқиға салдарынан 4 адам ауруханаға жүгінді. Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

БАЯН БАЙҒАСКИНА, СҚО ПД ЖПҚБ аға инспекторы:
–  Құрметті тұрғындар және Солтүстік Қазақстан облысының қонақтары, өткір қажеттіліксіз елді мекендерден шықпауларыңызды және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз.

Жалпы, өткен жылы өңірде 382 жол-көлік оқиғасы тіркелді. 48 адам қаза тауып, 531 адам түрлі дене жарақатын алған.