Денсаулық сақтау

Тұмауға шалдыққандар саны 1,6 есеге көбейді

 

Өткен жылдың қазанынан бастап өңірде тұмау жағдайлары тіркеле бастады. Осы уақыт ішінде індет 250-ден астам солтүстікқазақстандықта анықталды. Бұл 2021-ші жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6 есеге көп. Науқастардың 65 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

АЙНАШ САҒЫНДЫҚОВА, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
– 2022 жылдың 14 қазанынан бастап облыста тұмау жағдайлары тіркеле бастады. Облыста барлығы В типті тұмаудың 245 және А типті тұмаудың 17 зертханалық расталған жағдайлары тіркелді. Ауырып қалғандардың барлығы – тұмауға қарсы екпе алмағандар.

Жалпы, өңір тұрғындарының 75 пайызы екпе алған. Бұл – халықтың шамамен 14 пайызы. Тұмау жұқтырғандардың 50-ге жуығы – жүкті әйелдер, 80-нен астамы – 14 жасқа дейінгі балалар.

АЙНАШ САҒЫНДЫҚОВА, облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы:
–  Олардың арасында 47 оқушы, 27 ұйымдастырылмаған және 9 мектепке дейінгі мекемеге баратындар.  Тұмаудың ең көп жағдайы Петропавлда тіркеліп отыр. 139 жағдай. Шал ақын мен Қызылжар аудандарында 20 жағдайдан тіркелді.

Тұмаудың таралуына байланысты мамандар әлеуметтік қашықтық сақтап, мүмкіндігінше адам көп шоғырланған жерлерге бармау қажеттігін ескертеді.