Білім

СҚО-да аязға байланысты оқушылар уақытша қашықтықтан білім алуға көшірілді

 

 

Бүгін өңірде ауа температурасы минус 30-дан асып кетті. Осыған байланысты облыс мектептерінің барлығы, яғни 465 мекеме қашықтан оқыту форматына көшті. Қолданыста – “Мектеп-онлайн”, “Kundelik.kz” және “Daryn.online” платформалары.

 Айгүл Оспанова, СҚО білім басқармасының бас маманы
– Талапқа сәйкес, 1-ші мен 4-ші сынып оқушылары -25, ал сынап бағанасы 27 градусқа төмендегенде 9-шы сынып оқушылары мектепке бармай, қашықтықтан оқиды. Егер ауа температурасы -30 градусты көрсетсе, 11-ші сынып шәкірттерімен қатар, колледждің 1-ші және 2-ші курс студендері де онлайн форматта білім алады.

Бұл ақпарат басқарманың, білім беру бөлімдерінің, сондай-ақ, мектептердің сайттарында бар. Қандай да бір өзгеріс болса, бірден ата-аналарға хабарланады. Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа райы сәрсенбіге дейін сақталады. Ертең сынап бағанасы кей жерлерде тіпті минус 37 градусқа дейін түсуі мүмкін.