Қоғам

Бақылау бекетіндегі рейд

 

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:
– Оңтүстік бақылау бекеті. Күнделікті бұл жерден мыңдаған көлік өтеді. Бүгін төтенше жағдайлар департаментінің мамандары полицейлермен бірлесе рейд шарасын жүргізуде. Жүргізушілерге қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп, жаднама қағаздары таратылуда.

Мамандар жол қауіпсіздігі ережелерімен қатар қауырт маусымда көліктерді пайдалану тәртібін де түсіндіруде. Себебі, қазір жүргізушілер үшін қауіпті кезең. Темір тұлпардың техникалық тұрғыда жай-күйі көңіл көншітпесе кез келген сәтте от лап етуі мүмкін. Сол себепті, қыстың қамын жаз ойлап, көлікті қажетті тексерістен уақытылы өткізіп тұру қажет.

Бекетте Баяхмет Жамалиев те тоқтатылды. Егде жастағы жан 10 жыл бойы көлік тізгінінде. Қауырт маусымға азамат тыңғылықты айындалады.

БАЯХМЕТ ЖАМАЛИЕВ,
–  Қысқыға көліктің дөңгелегін дайындаймын. Жаңадан май құямын. Көлігім жаңа. Жолда қалдырмады.

Көлік жүргізушілер үшін тағы бір қауіп автоматты түрде қосылу жүйесінен туындауы мүмкін. Мамандар бұл құрылғыны жиі тексеріп отыруға кеңес береді. Жалпы, жыл басынан бері өңірде көліктен от шығу сынды фактілер тіркелмепті. Бүгін “Оңтүстік” бақылау бекетінде өткізілген рейдті полицейлер мен құтқарушылар қауырт маусым аяқталғанша дейін күнделікті өткізіп тұрмақ.