Қоғам

Жұмысынан айырылғандарға тағайындалатын төлем 45%-ға артады

 

 

Жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру, жастар үшін әлеуметтік лифтілер жүйесін құру, зейнетақы жүйесін жетілдіру және зейнетақы төлемдерін арттыру. Мұның барлығы Үкімет жуырда мақұлдаған Әлеуметтік кодекс жобасында жазылған. Құжат мемлекеттік қолдауды проактивті форматта жүргізу үшін “Отбасының цифрлық картасын” енгізу, балаларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту, мүгедектігі бар азаматтар үшін, әсіресе ауылдық жерлерде арнаулы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін арттыруды көздейді. Премьер-Министр Әлихан Смайылов бұл Кодекс азаматтардың өміріндегі, яғни адамның туғаннан бастап қартайғанға дейінгі базалық әлеуметтік құқықтарын белгілейтін аса маңызды құжаттардың бірі болатынын атап өтті.

((ГРАФИКА,
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ҚР Премьер-Министрі:
“Қаңтар айынан бастап бала күтімі бойынша төлемдер 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылады. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін жұмысынан айырылған кезде төленетін төлемдер орташа айлық табыстың 45%-ына дейін ұлғаяды. Жалпы, Кодексте ұсынылған шаралар әлеуметтік қорғау жүйесін өзгертуге және осы салада болып жатқан өзгерістерден оң нәтиже алуға мүмкіндік береді”.))