Білім

Жалған дипломмен жұмыс істейтін мұғалімдер көбейген

 

Жастарға жалған дипломмен білім берген мұғалімдер көбейді. Облыстық прокуратура ұсынған мәліметке сүйенсек, өңірде ай сайын кемінде осындай 6 жағдай тіркеледі. Өткен жылы 80 факті анықталыпты. Мамандардың айтуынша, мұғалімдер заңсыз құжаттарды Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті мен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінен сатып алған көрінеді. Дипломды сатып алғандар жұмысынан айырылады және 160 АЕК көлемінде айыппұл арқалайды. Жүздеген мың төлегісі келмейтіндер 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 40 тәулікке дейін қамауға алынады.