ТЖ

Жабылған жолға шыққандарға айыппұл салынады

 

Биылдан бастап жолға қатысты ескертуді елемегендерге жаза қарастырылып отыр. Ережеге бірінші рет құлақ аспаған жағдайда 30 АЕК көлемінде, яғни 103500 теңге айыппұл салынады. Жағдай қайталанса жабық жолда жол жүрген жолаушы 15 тәулікке дейін қамауға алынады. Дауылды ескерту келесі аптада жариялануы мүмкін. Ауа температурасы -33-тен басталып, -38-ге дейін жетуі мүмкін. Құтқарушылары қазір қаңтардың қытымыр аязына қамданып жатыр.

((МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
ауд:3-43 Облыс аумағында жолда қалған жолаушылар уақытша паналайтын 300 қосын бар. Қазір сол жерлердің дайындығын қарап, тексеріп жатырмыз. Жылыту қосындарында жылы киім бар, ыстық тамақ болуы керек.))

Жалпы, осы қыста өңірде 36 рет дауылды ескерту жарияланыпты. Мамандардың көмегімен қар құрсауынан 41 жолаушы шығарылған. Араларында өзге елдің азаматтары да болған.

((МҰРАТ ҚАНҒОЖИНОВ, СҚО ТЖД бастығының орынбасары:
ауд: 4-08 Өңірден өзге елдің тұрғындары автобуспен өтеді. Мәселен, Өзбекстан азаматтары. Әдетте бұл жандар көліктеріне жазғы жанармай құяды, жазғы дөңгелектермен жүреді. Оларды анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізіп жатырмыз.))

Қауырт маусымда тегеурінді техниканың көп болғаны да маңызды. Қазіргі таңда өңірде 60-тан астам арнайы көлік іске сақадай сай тұр.