Білім

Мұғалімдер мен тәрбиешілердің жалақысы өсті


 

 

1 қаңтардан бастап еліміздегі балабақша тәрбиешілері, мектеп және колледж мұғалімдерінің еңбекақысы 25%-ға өсті. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, ұстаздардың жалақысына қосымша төлемдер белгіленді. Бұл – біліктілік санаты, магистр дәрежесі, пәндерді ағылшын тілінде жүргізу, дәптер тексеру, сынып жетекшілігі, жаңартылған мазмұндағы жұмыс және тәлімгерлік үшін қосымша төлемдер.



Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
– Мұғалімдердің жалақысын көтеру өз нәтижесін беріп жатыр. Педагог мамандығына университеттің үздік түлектері мен «Алтын белгі» иегерлері келе бастады. Бұлболашақта балалардың оқуына оң әсерін тигізеді».

Алтынай Казиканова