Экология

“Ашық аспан” режимі 5 жылға ұзартылды

 

Қазақстанда “Ашық аспан” режимі тағы 5 жылға ұзартылды. Бұл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұшугеографиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында жасалып отыр.

Аталған режим рейстер саны бойынша барлық шектеулерді алып тастауды және қазақстандық авиакомпаниялар жұмысістемейтін бағыттар бойынша шетелдік авиакомпанияларға “ауа еркіндігінің бесінші дәрежесін беруді көздейді. “Ашық аспан” 12 халықаралық әуежайда қолданылды. Оның ішінде Петропавл да бар. Тағы айта кетерлігі, бұл режим жаңа шетелдік тасымалдаушыларды тартуға, әуе тасымалдаушылардың бәсекелестігін дамытуға, халықаралық маршруттарды ашуға, авиабилеттер құнын төмендетуге, туризмді дамытуға ықпал етеді.

Алтынай Казиканова