Ауыл шаруашылығы

Алқаптарда қар тоқтату жұмысы жүріп жатыр


 

АЛДИЯР АЙТПАЕВ, тілші:
– Жаздың қамын қыс ойла. Осы күндері диқандар өңірдің егістікке арналған алқаптарында қар тоқтатып жатыр. Шаруа 3,1 млн гектар жерді қамтуы тиіс. Бүгінгі күнге дейін маңызды іс 100 мың гектар жердеатқарылыпты.


Қар тоқтату жұмысына «Астық сату Компаниясы» бүгінкірісті. Қазір серіктестікке тиесілі алқаптарда 3 техника жүр.


Серіктестік жер ылғалдылығын арттыру бағытындағы бұл жұмысты өткен жылы бірінші рет өткізіпті. Нәтиже жаман емес. «Қыста қар тоқтату жұмыстары жүргізілген жерде егін бітік шықты»,- дейді серіктестік басшысы Еркін Билялов.

ЕРКІН БИЛЯЛОВ, «Астық сату Компаниясы» ЖШСдиректоры, Қызылжар ауданы:
– Биыл бір гектардан 22-27 центнер рапс алдық. Дәнді дақылдардың көлемі гектарына 18-20 центнерден айналды. Майлы дақылдардың шығымдылығы 15-16 центнер болды. Бұл көрсеткіш бұған дейінгі жылдардан әрине молырақ. Қар тоқтату жұмыстары өз нәтижесін беруде.


Серіктестік иелігінде барлығы – 5747 гектар жер бар. Оның3437 гектары мал жаюға арналған. Қар тоқтату жұмысындағы басымдық осы жайылым жерлерге беріліп отыр екен.

ЕРКІН БИЛЯЛОВ, «Астық сату Компаниясы» ЖШСдиректоры, Қызылжар ауданы:

– Ақ ұлпаның қалындығы 12-15 сантиметрденаспайды. Соңғы жылдары ауа райы жауын-шашынға да сараңдық танытуда. Сол себепті, қар тоқтату әдісін қолданудамыз. Бұл жұмысты 1 апта ішінде тындырамыз депжоспарлаудамыз. 

Қар тоқтату жұмыстары наурыз айына дейін жалғасады.Жалпы, егін бітік шығу үшін бір алқапта бұл іс кем дегенде 2-3 рет жасалуы керек. Айта кетейік, қазіргі таңда Тайынша, Уәлиханов, Ақжар және М.Жұмабаев аудандарында ылғал көрсеткіші төмен.

Алдияр Айтпаев