Құқық қорғау органдары

Шекарадан мал асыруға шектеулер қойылды

 

 

1-ші қаңтардан бастап ауыл шаруашылығы жануарларын ел аумағынан шығарудың жаңа ережелері іске қосылды. Шектеулерге сәйкес, енді Қазақстаннан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне 60 мың бұқашық пен 120 мың қошқар шығаруға рұқсат. Квоталар тек 12 айдан асқан Зеңгі баба және 6 айдан асқан Шопан ата төліне белгіленеді. Ірі қара бойынша бір бордақылау алаңына – 500, ал бір тауар өндірушіге 200 басқа рұқсат қағазын алуға болады. Ұсақ малға келер болсақ, бір бордақылау алаңына – 1000, ал іскер жанға 500 басқа дейін квота беріледі. Айта кетейік, қазір Қазақстанда экспортқа бағытталған 602 бас жануар карантинде тұр.