Облыс әкімі Петропавлдағы өндіріс орындарын аралады. Алдымен Айдарбек Сапаров “Солтүстік фанер комбинатының” жұмысымен танысты. Көпке таныс кәсіпорын жылына 30 мың текше метр фанер шығаруға қауһарлы. Материал жергілікті қайыңнан жасалады. Бүгінде теріскейлік тауар ел нарығында ғана емес, шекара сыртында да сұранысқа ие.
ИВАН ОЛЕНСКИЙ, “Солтүстік фанер комбинаты” ЖШС өкілі:
– Ел нарығында ламинатталған фанер ғана саудаланады. Ал Еуропаға жиһаз фанерін экспорттаймыз. Бізге, әрине, ламинатталған фанер сатқан тиімді. Бұған құрал-жабдықтарымыз да мүмкіндік береді.
“Бір тал кессең, он тал ек” дегендей, серіктестік жұмысымен танысқан Айдарбек Сапаров пайдаланылып жатқан табиғи ресурстардың орнын толтыру қажет деді. Кейін өңір жетекшісі алдағы уақытта ДСП материалын шығаруды бастайтын зауытқа ат басын бұрды. Жоба құны – 8 млрд теңге. Ал жылдық қуаттылық 50 мың текше метрді құрамақ.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Жұмысты жылдамату қажет. Өндірісті 2024-те емес, 2023-ші жылдың соңында іске қосуға тырысыңыздар! Біздің тарапымыздан қажетті барлық көмек көрсетіледі. Ең бастысы, құрал-жабдық алу ісін жеделдетіңіздер!
Қажетті жабдықтар сонау Тайланд пен Еуропа елдерінен жеткізілмек. Жоспар ауқымды. Болашақта Солтүстік Қазақстанда жасалған тауар Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортталмақ. Бұл өндіріс 300 жанды жұмыспен қамтиды. Айдарбек Сапаров трактор зауытына да барды. Өткен жылы бұл жерден 19 бірлік техника сатылыпты. Бір-біреуінің құны 80 млн теңгені құрайды.
Қазіргі таңда мұнда 50-ден астам адам жұмыс істейді. Қызметкерлерге жайлы жағдай жасалған. Табыс та көңіл көншітеді. Мамандардың орташа жалақысы 187 мың теңгені құрайды. Ал, бұл – “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағының 3-ші субаймағы. Мұнда “Рейман” серіктестігі өндірістік корпус тұрғызуда. Құрылыс алаңының жалпы ауданы 1,5 мың шаршы метрден асады.
ВЛАДИМИР КОВШОВ, “Рейман” ЖШС директоры
– “Здесь у нас намечено 7 направлений. Это совмесное производство с Россией генераторов, прицепов, рыхлителей. Отдельные направления будут: замкнутый цикл изготовления гидроцилиндров, производство отдельных шлеков разных видов.
Бұл кешенді “Рейман” серіктестігі биыл іске қосуды жоспарлап отыр.