МТРА жаңалықтары

Қазақстанда жылдық инфляция 20 пайыздан асты

 

Қазақстандағы жылдық инфляция желтоқсан айының қорытындысы бойынша 20 пайыздан асты. Инфляцияға азық-түліктің бақандай 25,3 пайызға қымбаттағаны ауыз толтырып айтарлықтай әсер етті. Тауар түрлеріне жеке-жеке тоқталайық. Жылдың соңғы айында қияр – 35,6, қызанақ – 14,6, тәтті бұрыш – 8,4, пияз – 8, ал қызылша 3,8 пайызға қымбаттаған. Азық-түлік емес тауарлардың құнына – 19,4, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерге де 14,1 процент қосылыпты. 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда шақпақ қант, кір сабын мен кеңсе тауарлары да әжептәуір қымбаттағаны мәлім болып отыр. Өңірлер арасында ең жоғары айлық инфляция Қостанай және Жамбыл өңірлерінде тіркелген – әрқайсында 1,9 пайыздан. Ал инфляцияның ең төменгі деңгейі Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысында. Қуантарлық жайт, жылдық мәнде сұйытылған газ – 23, ал қырыққабат 15,2 пайызға арзандаған.