Kurultai banner mobile

Қоғам

Биыл еліміздегі жылу электр орталықтарының барлығы жөнделмек

 

 

Қазіргі таңда елімізде 37 жылу электр орталығы жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылы олардың барлығындағы 98 қазандықты және 54 турбинаны реконструкциялау көзделген. Шаруа нақты қашан қолға алынатыны белгісіз. Дегенмен, алдын ала жоспар әзір. Ол бойынша жөндеу жұмыстары сәуір мен қарашаның аралығында жүргізілуі мүмкін. Энергетика министрлігі есептеулер жүргізіп, ойға алған істі орындау үшін 182 млрд теңге көлемінде қаржы қажет екенін мәлімдеді. Қоса кетейік, бұған дейін Қазақстандағы жылу электр орталықтарының тозуы 90 пайыздан асқаны жарияланды.