Құқық қорғау органдары

Облыс орталығында 61 құқық бұзушылық тіркелді

 

 

Жаңа жылдық демалыс күндері полиция қызметкерлері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. 4 күн ішінде «102» арнасына 1600-ден астам қоңырау түсіпті. Шақыртулардың дені жол-көлік оқиғалары мен отбасылық жанжалдарға қатысты болған.

– Арыс! Аксуат на связи! – Аксуат направляйтесь: Хименко, конфликт с мужем. – Принято!

Мереке күндері тек облыс орталығында азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 200-ден астам маман еңбек еткен. Желтоқсанның 31-інен қаңтардың 1-іне қараған түні «102» арнасына 389 қоңырау түсіпті. Оның көбі анықтамалық сипатта шалынған екен.
Ал 91 жағдай бойынша тәртіп сақшыларына мекен жайларға шығуға тура келген.

Дулат Нұрмазанов – СҚО ПД Штабының аға инспекторы
 – Петропавл қаласы ПБ Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен 31-ші желтоқсан мен 3-ші қаңтар аралығында 61 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Жол қозғалысы ережелерін бұзудың – 26, ал ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша 35 құқық бұзушылық тіркелді. 

2023 жылдың алғашқы 3 күнінде Петропавлда 21 жол-көлік оқиғасы орын алған. Түнгі уақытта тыныштықты бұзған 17 адам жауапкершілікке тартылыпты. Сондай-ақ, мереке күндері облыс орталығында 26 ұрлық фактісі тіркелген.