Аптадағы маңызды жаңалықтар

Облыс әкімі балаларға базарлық жасады

 

 

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі жаңа жыл қарсаңында отбасылық үлгідегі балалар ауылында болып, тәрбиеленушілерімен кездесті. Мұнда Айдарбек Сапаров ұл-қыздарды келе жатқан мерекемен құттықтады, сыйлықтар табыс етті.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Өткен жыл берекелі жыл болды. Әрине, әр жылдың өз қиыншылықтары болады. Бірақ барлығын аман өткердік. Есте қалатын көп жақсы күндер бар. Келер жылы сіздерге зор денсаулық тілеймін. Барлық арман-мақсаттарыңыз орындалсын.

Отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілері спортқа жақын. Солардың бірі – Полина Бейбітова. 14 жастағы жеткіншек футболмен айналысады. Ала доп қуалағанына 5 жыл болыпты.

ПОЛИНА БЕЙБІТОВА, отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі:
– Мен футбол десе ішкен асымды жерге қоям. Болашақта дене шынықтыру факультетіне түскім келеді. Өзімнің құрамам болса деп армандаймын. Түрлі жарыстарға қатысып, өңір намысын қорғағым келеді.

Ал 16 жастағы Жұлдыз Омарова сән әлеміне жақын. Бала арманын жүзеге асыру үшін жасөспірім қазір арнайы білім алып жүр екен.

ЖҰЛДЫЗ ОМАРОВА, отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушісі
– Биыл мен Қызмет көрсету колледжіне “Сәнгер-киім пішуші” мамандығы бойынша оқуға түстім. Білім ұясын аяқтағаннан кейін, өзімнің ательемді ашқым келеді. Онда сәнді көйлектер тігетін боламын.

Облыс әкімімен жүздесуде дарынды балалар өз өнерлерін ортаға да салды.

Отбасылық үлгідегі балалар ауылында 7 мен 18 жастың аралығындағы ұл-қыздар тәрбиеленеді. Мекемеде олармен 26 маман жұмыс істейді.

ӘЛИЯ ЕРСАЙЫНОВА, отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиешісі:
– Мен бұл мекемеде 2005 жылдан бері қызмет істеймін. Балаларға үй жұмыстарын орындауға көмектесемін.

Отбасылық үлгідегі балалар ауылында тәрбиеленетін ұл-қыздардың басым бөлігі – мектеп оқушылары. 4 жасөспірім қаламыздағы колледждерде оқиды. Кездесу соңында жиналғандар естелік суретке түсті.

 

REL POST ID: