Қоғам

Айбынды армия – тыныштық кепілі

 

 

Айлап аттан түспеген, рухы мүлде өшпеген кешегі ата-бабамыз “Жау жоқ деме, жар астында” деп айтып кетті. Қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған күн кешсек те сауысқандай сақ болуымыз қажет. Жаман айтпай, жақсы жоқ, алда-жалда ел іргесіне шабуыл жасалса, бірінші кезекте сенеріміз – әскер. Сол үшін де армия айбынды, ал қару-жарақ пен техника сақадай сай болуы керек. Бұған Қорғаныс министрлігі баса көңіл бөліп отыр.

СҰЛТАН ҚАМАЛЕТДИНОВ, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
– “Қауіпсіз ел” ұлттық жобасы әзірленді. Осы жоба шеңберінде қару-жарақтың елімізде шығарылған үлгісін дайындау, оқ-дәрі қоймасын салу, қолданыстағы сақтау объектісін жетілдіру көзделген.

Биыл қазақстандық әскери қызметшілер халықаралық іс-шараларға да қатысты. Тіркеген нәтижелері жаман емес. Үстіміздегі жылы біздің жауынгерлер 34 елдің командасы бақ сынаған Армия ойындарында 3-ші орынға ие болды. Әскеріміз үнемі қару-жарақпен, техникамен, материалдық жабдықтармен қамтамасыз етілуі қажет. Бұл бағытта ауқымды шаруа атқарылуда. Үлес қосып жатқан отандық кәсіпорындардың арасында Петропавлдағы зауыт та бар.

СҰЛТАН ҚАМАЛЕТДИНОВ, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
– А на базе ПЗТМ реализуется проект по созданию ракетного комплекса залпового огня для сухопутных войск.

Отан алдындағы борышын өтеген азаматтар мен әскери қызметшілердің жағдайын жасау – мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Бұл бағытта 2023-ші жылы біраз оң өзгеріс орын алады. Негізгілерін Қорғаныс министрінің орынбасары жіпке тізіп өтті.

СҰЛТАН ҚАМАЛЕТДИНОВ, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:
–  Келесі жылы арнайы жасақ қызметкерлерінің жалақысы 20 пайызға артады. Сонымен қатар, ұшқыштар құрамының, әскери медициналық мамандардың, Ұлттық ұлан өкілдерінің, жоғары оқу орындары оқытушыларының табысы ұлғаяды. Ал төтенше жағдай салдарын жоюға қатысқан әскери қызметшілерге тағайындалған төлем 3 есеге көбейеді.

2023-ші жылдан бастап әскерден оралған жігіттер ақылы негізде жоғары оқу орындарына түсе алады. Ал егер сарбаз мерзімді қызмет барысында үздік нәтиже көрсетсе, оқуға тегін қабылданады. Бүгінде бейінді министрлік 45 білім ордасының басшылығымен келісім жасасыпты.