Қоғам

Аяз ата мен Ақшақар тұрғындарды Жаңа жылмен құттықтады

 

 

Еріктілердің тұрғындарға арнаған ерекше тосын сыйы.
Жастар Аяз ата мен Ақшақар болып киініп, петропавлдықтарды Жаңа жылмен құттықтады. Балалар олардың құттықтауына ризашылықтары ретінде жаттаған тақпақтарын айтып берді.

ЖАНАТ КӘКІМОВ, қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі
–  Кез келген шара болсын, петропавлдықтар белсенді қатысады. Көше қыдырып жүрген Аяз ата мен Ақшақарды көріп, таң қалып, ризашылықтарын білдіруде. Бұл шараны бірінші рет өткізіп жатырмыз.

Орталық көшелерді аралап болған Аяз ата мен Ақшақар автобусқа мінді.
Жүргізуші де, жолаушылар да аң-таң. Тіпті, телефонға түсіріп, жақындарына сәлем жолдауларын сұрады.

Тақпақ айтылды, ендеше сыйға кәмпит беріледі. Аяз ата заманауи, қолында қапшық емес, кәдімгі пакет. Тәттіден таратқан Аяз ата петропавлдықтарға Жаңа жылда бақыт пен табыс тіледі.

– Петропавл тұрғындарын келе жатқан мейраммен құттықтаймын! Жаңа жылда бақыт, табыс тілеймін. Денсаулықтарыңыз мықты болсын.