Мәдениет

Суретші Ольга Сушкованың туындылары

 

Ольга Сушкова – бүгінгі көрменің авторы. Суретшінің әрбір туындысына назар аударып қарасақ, бұлтты, тұманды күндер бейнеленген. Себебі, талант иесі осындай мезгілден шабыт алады екен. Бұл суреттер қарапайым бояумен ғана емес, зығыр майының қосындысымен салынған. Нәзікжанды 26 жыл бойы сурет салып келеді.

 

ОЛЬГА СУШКОВА, суретші
– Сабақ барысында шәкірттеріммен бірге қосылып сурет саламын. Олар менің туындыларыма қарап шабыт алады. Пейзаж салғанды ұнатамын.

Көрмеде қыркүйек айынан қарашаға дейін салынған суреттер ілініп тұр. Барлығы – 20 дана. Мына «Таудағы көктем» туындысы 3-4 сағаттың ішінде салынған. Картинада ұмтылыс, энергия болуы керек дейді Ольга Сушкова. Сурет салуға икемі жоқ жандар бұндай туындыларды 2-3 күннің ішінде сала алады.

ОЛЬГА СУШКОВА, суретші
–  Бастаған туындымды бір күн ішінде аяқтауға тырысамын. Әр еңбек кететін уақыт та әр түрлі. Жұмысты бірнеше күнге ысырып қойғанды қаламаймын. Өйткені, уақыт созылып кетсе, суреттің жаны болмай қалады.

Картина авторы келесі көрмесін шығыстық стильде ұйымдастырмақ.