Құқық қорғау органдары

Шал ақын ауданында 15 жасар қызды көлік қағып кетті

 

Шал ақын ауданында 15 жасар қызды көлік қағып кетті. Жантүршігерлік оқиға кеше Ыбыраев ауылында таңғы сағат 8-дер шамасында болды. 10-шы сынып мектеп оқушысын “Toyota Land Cruiser Prado” маркалы көлікті басқарған 62 жастағы ер адам соққан. Оқушыны көлігіне мінгізіп, орталық аудандық ауруханаға жеткізіпті. Қазір 15 жастағы қыз облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалап отыр. Қыздың мұрын тұсы сынған. Бұл оқиға қатысты қазір тиісті материал жиналып жатыр.

НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ПД баспасөз қызметінің қызметкері:
–  Медициналық куәләндіру актісіне сәйкес жүргізуші алкогольдік ішімдік ішпегендігі анықталды. Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасы бойынша қажетті сараптама тағайындау және процесуалдық шешім қабылдау үшін материал жиналуда. Жалпы, 11 ай ішінде облыс жолдарында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 88 факт тіркелді. 7 адам қаза тауып, 94 адам жарақат алды.