Мәдениет

Ресейлік ректор жерлесіміздің өнерін жоғары бағалады

 

 

Бұл суретте Мәскеу қаласындағы Дмитрий Менделеев атындағы химия-технология университетінің ректоры Илья Воротынцев бейнеленген. Оны өткен жылы жергілікті өнер коллеждінің шәкірті Мерейлі Абай конкурсқа арнап салған.

МЕРЕЙЛІ АБАЙ, Е.Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің оқушысы:
–  Конкурстың басты тақырыбы – «Қазіргі кездегі ғалымдар». Бізге 10 ғалым берілді. Солардың ішінен біреуінің суретін салу керек болды. Мен Илья Владимировичті таңдадым. Суретті салар алдында Илья Воротынцевтің өмірбаянымен таныстым. Ғылымға қандай еңбек қосқанын зерттедім.

Әлеуметтік желіде өзі бейнеленген суретті көріп қалған мәскеулік ғалым туындының авторын іздестіріпті. Бүгін екі жақ қашықтықтан кездесу өткізді. Илья Воротынцев өнер колледжінің оқушыларын келе жатқан мерекемен құттықтады. Жас суретшіге алғысын білдіріп, сыйлығын да жолдаған екен.

КСЕНИЯ РУЖЕНСКАЯ, Е.Серкебаев атындағы өнер колледжі-өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің мұғалімі:
–  Былтыр ақпан айында біз халықаралық байқауға қатысқан болатынбыз. Оған Қазақстанмен бірге Ресей, Беларусь сынды елдер қатысты. Осы конкурстың қорытындысы бойынша Мерейлі Абай жеңімпаз атанды. Оның еңбегі art-teacher сайтында жарияланды.

Өнер колледжінің жас таланттары түрлі облыстық, республикалық және халықаралық байқауларда жүлделі орындарға ие болып жүр.