Қоғам

“Өрлеу” орталығына – 10 жыл

 

 

Ұстаздардың біліктілігін арттырып, білім берудің жаңа жүйесін қалыптастырған “Өрлеу” орталығына биыл – 10 жыл. Осы уақыт аралығында институтта арнайы курстардан 40 мыңға жуық маман өтіпті. Тәжірибе толықтырған бұл мұғалімдер қазір аудандар орталықтарымен мен ауылдарда және қалада еңбек етіп, ұлағатты ұстаздар қатарына қосылып отыр.

ГҮЛМАЙДА МҮСЕТАЕВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы:
–  Биыл 1500 педагогты біліктілікті арттыру курстарынан өткізуді жоспарладық. Іс жүзінде 2500 адам біліктілігін арттырды. Өз жоспарымызды да, мемлекеттік тапсырысты да толығымен орындадық. Мамандардың кәсіби біліктілігін арттырумен ғана айналыспаймыз. Курстан кейін қолдау жұмыстары жүреді. Курстан өткен әрбір екінші маман біздің оқытушыларымыздың ақыл-кеңесіне жүгінеді.

10 жылдыққа орай бүгін орталықта мерейтойлық жиын өтті. Оған институпен әріптестік орнатқан білім беру мекемелерінің басшылары қатысты. Көпшілік арасында “Өрлеу”-де бірнеше жыл еңбек еткен ардагер оқытушылар да болды. Шара барысында олар білім басқармасының және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Қошеметке салада көп жылдық тәжірибесі бар Алма Мұрзалинова да бөленді.

АЛМА МҰРЗАЛИНОВА, “Өрлеу” БАҰО” АҚ СҚО бойынша кәсіби даму институтының аға оқытушысы:
–  Бұл марапаттың мен үшін маңызы айрықша. Себебі, 40 жылдық жұмыс өтілімнің 10 жылын осы орталыққа арнадым. Ұйымды біз барлығымыз бірлесе алға шығардық. Бүгінгі марапатым үшін барлық әріптестеріме рахметімді айтамын.

Қазіргі таңда орталықта 20-дан астам оқытушы еңбек етеді. Айта кетейік, бүгінгі күні институт 20-ға тарта халықаралық жоғары оқу орнымен әріптестік орнатқан. Бұл солтүстікқазақстандық мұғалімдерге тәжірибе алмасып, шеберлік шындауға мүмкіндік беріп отыр.