Құқық қорғау органдары

Облыста 600-ден астам пиротехникалық зат тәркіленді

Өңірде «Пиротехника» іс-шарасы өтіп жатыр. Желтоқсанның 25-інен басталған шара барысында 12 құқық бұзушылық тіркелді. Дүкен сөрелерінен 620-дан астам пиротехникалық зат тәркіленіп алыныпты. Жалпы, бұл профилактикалық шараға 200-ден астам полицей жұмылдырылып, 60-тан астам рейдтік топ құрылған. Мамандар тұрғындарға отшашу мен пиротехникалық бұйымдарды рұқсаты бар арнайы орындардан ғана сатып алу қажеттігін айтып жатыр. Сондай-ақ, оны пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесін де ұмытпау керек.

ЕРБОЛАТ ҚАБЫРОВ, СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:
– 2022 жылғы 25 желтоқсан мен 2023 жылғы 3 қаңтар аралығында Солтүстік Қазақстан облысы аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Бір күн ішінде заңсыз айналымнан 250 пиротехникалық өнім тәркіленді, 6 хаттама толтырылды.