Қоғам

Майнерлер мен кәсіпкерлерге арналған жаңа қызметтер пайда болды

 

Elicense.kz порталында майнерлер мен кәсіпкерлерге арналған жаңа қызметтер пайда болды. Бұл – цифрлық майнинг қызметі туралы ақпараттандыру және қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау жөніндегі қызметтің басталғаны/тоқтатылғаны туралы хабарлама. Қос қызметті алу үшін тұлға электрондық өтінімді жіберуі тиіс. Бүгінгі таңда e-license порталында жеке және заңды тұлғалар үшін 435 қызмет қолжетімді. Оның ішінде жеке тұлғалар үшін 250 қызметті eGov mobile мобильді қосымшасының көмегімен алуға болады.