Мәдениет

Балалар кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

 

 

Ертегі, бала тәрбиесі туралы, мотивациялық кітаптар. Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы жаңа туындылармен толықты. Жуырда білім ордасынан тура 500 кітап жеткізілді. Дені мотивациялық. Білім қуып, спортпен айналысып, өз мақсатына жетуге үндейтін туындылар әсіресе жастар арасында зор сұраныс дейді библиограф Гүлнұр Бекіш. Айтуынша, осы жолы қазақ тіліндегі ертегілер де көп келген.

ГҮЛНҰР БЕКІШ, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы
–  Жаңа түскен кітаптардың ішінде өскелең ұрпаққа ұлттық құндылықтарды насихаттайтын, тілдерін, ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында «Ең үздік ертегі іші», «Ақ жол», «Өскелең», «Қырық өтірік кітаптары» сияқты кітаптар келіп түсті. Соңғы уақытта оқырмандарымыз мотивациялық кітаптарға көп қызығушылық танытады.

Оқырмандар кітапханадан өздерінің көңілдерінен шығатын түрлі жанрдағы кітаптарды таба алады. Психологиялық сипаттағылары да аз емес.

ГҮЛНҰР БЕКІШ, Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы
– Ата-аналарға жасөспірімдермен тіл табысу қиын болып келеді. Сондықтан, ағылшын жазушысы Гэри Чепмен “Жасөпірімдермен тіл табысудың 5 тәсілі” атты кітапты ата-аналарға ұсынар едім. Бұл кітап ата-аналарға таптырмас құрал болып келеді.

Биыл жеткізілген мың еңбектің 700-і қазақ тілінде жазылған. Үнемі толығып тұратын кітапхана қоры 200 мың кітаптан асады.