Қоғам

Жаңа әлеуметтік қызмет

 

 

Цифрлы Қазақстан! EGov.kz порталы мен eGov mobile мобильді қосымшасында жаңа қызмет түрі пайда болды. Мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік төлемдерді қашықтықтан рәсімдей алады. Бұрын азаматтар мекемелерді аралап жүріп анықтама жинаса, енді қажетті құжаттардың барлығы мемлекеттік органдардың дерекқорында сандық форматта қолжетімді. Оны үйден шықпай-ақ жолдап, тиісті төлемге өтініш беруге болады.