Спорт

Бес ойында – бес жеңіс

 

 

Волейболдан Ұлттық лиганың әйелдер командалары арасында Қазақстан чемпионатының ІІ тур ойындары аяқталды. Талдықорғанда жалауын желбіреткен жарыста “Қуаныш” клубының қыздары 5 ойын өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Соңғы матчта теріскейлік арулар түркістандық қарсыластарын тізе бүктірді. Енді біріншіліктің кезекті кезеңі қаңтардың 20-сы мен 27-сі аралығында Өскеменде өтеді. Тағы бір маңызды жаңалықпен бөлісейік, жақында Астанада «Жеңімпаз рухы» ұлттық сыйлығының жеңімпаздары марапатталды. Жыл ішіндегі жетістіктерді есептей келе, «Қуаныш» волейбол клубы «Ойын түрлері бойынша үздік спорт командасы» деп танылды. Ал ұжымның директоры Қайырбек Хамзин «Жылдың үздік меценаты» аталымында топ жарды.