БалаларМәдениет

Балаларға арналған қайырымдылық акциясы

 

Ойындар, мерекелік ән мен би және тәтті сыйлықтар. Осының бәрі «Солнечный дом» қоғамдық қоры, Архангельское ауылындағы Өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығы мен көпбалалы отбасыларға арналған. Қайырымдылық акцияның ұйымдастырушылары – қаланың кәсіпкерлері мен қоғам қайраткерлері.

Мерекелік шараға 60 ұл-қыз жиналды. Аяз ата мен Ақшақар олардың көңілін көтерді, түрлі сайыстар өткізді.

Қол ұстасып, ән шырқай шыршаны айналу да қалыптасып қалған жаңажылдық дәстүр. Мұнсыз мерекелік кешті елестету мүмкін емес.

Ортаға шығып, тақпақтарын таласа оқыған балалар жаңажылдық шыршаның сәнін одан бетер келтірді. Ұл-қыздардың өнерін Аяз ата мейірлене тамашалады. Жүректері мен жүздері жылуға толы жандарды балалар құшақтап жатты.

– Жаңа жыл мерекесі – керемет мереке. Өйткені, барлығы қуанып, ән айтып, би билейді. Мен Жаңа жылда барлығына бақыт, қуаныш пен жақсылық тілеймен.
–  Маған мереке ұнайды. Аяз ата келеді, сыйлықтар береді. Мен тақпақ айттым, тәтті сыйлық алдым. Жаңа жылда барлығына тек жақсылық тілеймін.
– Біз – көпбалалы отбасымыз. Мен 2 баламды алып келдім. Олар дән риза. Осындай мереке ұйымдастырған жандарға алғысым шексіз.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай мерекелік шараның алар орны зор. Бұл күндері кішкентай ұл-қыздар ғажайып күтеді, жылына бір рет болса да Аяз атамен қауышуды қалайды. Олардың тілегін орындау – жүрегі жомарт жандарға міндет.

НАТАЛЬЯ ХАН, қоғам қайраткері:
–  Мерекелік шараны ұйымдастыруға ат салысқан кәсіпкерлер мен қоғам қайраткерлеріне алғыс білдіремін. Жаңа жыл қарсаңында балғындарға ертегілік сезім сыйлап, сыйлық тарту ету – біз үшін парыз.

Шара соңында балалар мереке кейіпкерлерімен суретке түсті. Тәтті-дәмдіден ауыз тиіп, өздеріне тиесілі сыйлықтарын алды.