Мәдениет

Қазақ театрының жаңажылдық тартуы

 

Көбелек, хан мен ханшайым және кішкентай Санта. Әдеттегідей бүлдіршіндер жаңа жылдық шыршаға түрлі кейіпкердің костюмін киіп келген. Түрлі түсті көз тартар дүниелер, жаңа жылдық безендірулер мерекелік атмосфераға одан сайын көрік береді. Осындай шараны қаламыздың кішкентай тұрғындарына арнап С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының ұжымы әзірлеген.

Кішкентай балаларды қасқыр, түлкі, аю мен қоян бастаған ертегі кейіпкерлері қарсы алды. Оқушылар «Жаңа жылға кім қожа?» атты қойылымға белсенді қатысып, қоянға қу түлкі мен қасқырды жеңуге көмектесті. Кейін ұл-қыздармен ойындар ойналып, би биленіп, мерекелік әндер шырқалды.

Жаңа жыл мерекесінде балалар асыға күткен Аяз ата мен Ақшақар да шықты. Олар шыршаны жағып, ұл-қыздардың өлеңдерін тыңдап, ризалығы ретінде тәтті сыйлықтарын табыстады. Бүгінгі Жаңа жылдық шырша мерекесіне Ә.Бөкейхан атындағы №25 орта мектебінің оқушылары жиналды. Барлығы – 170 бала.

ДӘУРЕН ТОЙБАЗАРОВ, С.Мұқанова атындағы қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі:
–  Балалар асыға күтетін мереке – Жаңа жыл. Дәстүр бойынша осы шараны 20-шы желтоқсан бастайтынбыз, биыл жаңа ғимаратта 25-ші желтоқсаннан басталды. “Жаңа жылға кім қожа?” ертеңгілігінің сценариін өзім жаздым. Бұл жердегі қойылымның мағынасы – зұлымдыққа жол бермеу, досыңды әрқашан құрметте, алдама деген мағынаны балаларға түсіндіру.

–  Жаңа жылда өте қызықты. Онда Аяз ата мен Ақшақар келеді. Сыйлықтар береді. Мен оларға тақпақ айтып бердім.
– Бұл театр қатты ұнайды. Маған қоян ұнады. Себебі, ол биік секіреді және ол өте ақылды. Барлығын Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын.
– Маған қоян өте қатты ұнады.