Спорт

“ Qulager” ЖХК елордалық “Jas Barys”-пен кездесті

Үстіміздегі жылдағы соңғы ойын. Бүгін “Qulager” хоккей клубының жастар командасы өз айдынында елордалық “Jas Barys” ұжымын қабылдады. Бұл матч жергілікті жігіттер үшін аса маңызды. Себебі, қазіргі таңда жерлестіріміз турнирлік кестенің 3-ші сатысында тұр. Теріскейліктер астаналықтарды тізе бүктірген жағдайда 2-ші орынға көтеріледі.

((Интершум:))

Алқашқы периодта қос команда жылдам қимылдады. Ұжымдар бір-бірінің қақпасына бірінші минуттан-ақ шайба бағыттап, бағана күзетшілерін сынап көрді. Алайда, есеп периодтың бел ортасынан асқасын бір-ақ ашылды. 11-ші минутта “Qulager” жігіттері алға шықты.
Бұл басымдықты жерлестеріміз үзіліске дейін сақтап қалуға тырысты. Дегенмен, қарсыластар қысымды күшейтіп, қақпашыны 14-ші минутты қапы қалдырды. Осылайша, бірінші 20 минуттық 1 де 1 есебімен аяқталды.

((ДАНИЛА БУКАРЬ, “Qulager” ЖХК шабуылшысы:
ауд: Айдынға аздаған болса да үзілістен кейін шығып отырмыз. Сол өз әсерін тигізіп жатыр. Қарсыластарымыз жылдам қимылдайды. Дегенмен, бүгін біз жеңісті оңайлықпен бермейміз. Алдағы 2 периодта тізгінді өз қолымызға алып, кездесу тағдырын пайдамызға шешеміз.))

Қос ұжым арасындағы кездесуді тамашалауға тұрғындар біраз жиылды. Спортсүйер қауым арасында астаналықтарға болысатын жанкүйерлерді де кездестірдік.

((БЛИЦ:
ауд:033/ “Jas Barys” құрамасына жанкүйермін. Жылдам ойындары ұнайды. Бүгінгі кездесуде астаналықтар жеңіске жетеді деген ойдамын.
қаз: Ойын тартысты өтіп жатыр. Есеп 1 де 1. Қай команда басым түседі екен деп бәстесіп отырмыз.
қаз: 030/05 Ойын жақсы өтіп жатыр. Ұнап жатыр. Қос ұжымға да сәттілік тілеймін.))

Екінші периодта 3 те 1 есебімен құлагерліктер жеңіске жетті. Бұл – қос ұжым арасындағы алғашқы ойын. Ертең екінші кездесу өтпек.