Білім

Үздік ауыл әкімдері анықталды

 


Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бастамасымен ауылдық округ әкімдері арасында «Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауы өтті. Оған Солтүстік Қазақстаннан 12 адам қатысты. Байқау өңірлік және республикалық деп екі кезеңмен өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша Аққайың ауданы Шағалалы ауылдық округінің әкімі Гүлмира Добромирова «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясын иеленді. Ал түркістандық Нұрбақыт Нұрсейтов «Үздік ауыл әкімі» болып танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер агенттік төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды.