Денсаулық сақтау

МӘМС: Өңірде 99 мыңнан астам адам сақтандырылмаған

 

Қан қысымын өлшейді, қандағы глюкоза мен холестерин көлемін анықтайды. Қаласаңыз, медициналық сақтандыру туралы түсіндіріп береді: сақтандыру деген не, ол қалай жұмыс істейді және ондағы сіздің құқығыңыз. Қаладағы сауда орталықтарының бірінде «Өз мәртебеңді тексер және сақтандырыл» деген атаумен арнайы акция өтті. Шараны бейінді қордың облыстық филиалы мен денсаулық сақтау басқармасының мамандары бірлесіп ұйымдастырды.

– Качество вас не устраивает да?
– Он зачастую не срабатывает. То есть его поставишь, а сахар у меня все равно после еды поднимается. Значит инсулин не сработал.

Зейнеткер Людмила Антипина қант диабетіне шалдыққан. Жол-жөнекей өтіп бара жатып сәтті пайдаланып, қанын тексертіп алды әрі көптен толғандырған сұрағын қойды.

ЛЮДМИЛА АНТИПИНА, қала тұрғыны:
– Мамандарға дәрінің сапасы жайында сұрақ қойдым. Өйткені, мен қолданатын инсулиннің пайдасы шамалы болып кетті. Телефон нөмірімді жазып алды. Сұрағымды денсаулық сақтау басқармасына жолдаймыз деді.

Биыл медициналық сақтандыруға қатысты заңға өзгертулер енгізілген. Енді қорға арналған төлемді алдын ала, яғни 12 ай бұрын төлеп қоюға болады.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, «ӘМСҚ» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:
– Қазіргі төлемнің сомасы 3 мың теңге айына, сондықтан, қазір 12 айға төлеген жағдайда 3 күннен кейін алуға болады. Қазір неге айтып отырмыз? Себебі, келесі жылы МӘМС төлемдері өсетін болады. 3,5 мың теңге болады. Сондықтан, кім қазір төлейді олар бір жыл сақтандырулы болады.

Өңірде қыркүйек айынан жаңаша әдіспен 150-ден астам адам төлем аударған. Қарлығаш Ілиясованың айтуынша, кейбір жандар төлем түгілі өздерінің мәртебесі жайында білмейді.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, «ӘМСҚ» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:
– Оны бірнеше жолмен тексеруге болады. Бірншіден, fms.kz қорының сайтынан білуге болады, екіншіден, цонға барып немесе edov.kz сайтынан, сонымен қатар, Telegram-бот арқылы білуге болады.

Жалпы, акцияға 130-дан астам адам қатысты. Қойылған сұрақтар өзекті. Мәселен, қорға тиісті төлеміңді аударсаң да дәрігерге жазыла алмайсың деп шағымданған көпшілік.

ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, «ӘМСҚ» КЕ АҚ СҚО бойынша филиалының бөлім басшысы:
– Бұл сұрақ – қазіргі уақытта бақылауда. Денсаулық сақтау басқармасы бұл жұмысты тексеріп жатыр. Мамандардың жетіспеушілігі байқалады. Биыл 100-ден астам маман келсе де кадр тапшылығы бар. Мұндай жағдай туындағанда азаматтар басқа ауруханаға бара алады. Ол үшін ақша төлеудің қажеті жоқ. Бірақ, екі мекеменің келісім шарты болуы керек.

Қазіргі уақытта облыста 99 мыңнан астам адам сақтандырылмаған.