Құқық қорғау органдары

Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуге болмайды

 


Қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесудің алдын алу – полицияның жаңажылдық мереке қарсаңындағы міндеттерінің бірі. Осы айдың 15-інен облыста «Шырша» акциясы өткізілуде. Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері орман алқаптарына, сауда нүктелеріне рейдтер жүргізіп жүр. Оларға өңір бойынша орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері қатысуда. Полицейлер орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды заңсыз кесіп, жойғаны не зақым келтіргені үшін жеке тұлғаларға – 50, орман қорына кіретін ағаштар мен бұталар үшін 100 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын ескертеді. Келтірілген шығын сомасы 100 АЕК асқан жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.