ТЖ

Зауыт аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өтті


«Eurasian Milk»
 серіктестігінің аумағында өрт-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Мамандар әдеттегідей, арнайы сценарий құрып, сол бойынша әрекет етті. Осы жолы өрт отты пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан туындаған. Төгілген аммиак жалынның жан-жаққа тарауына әсер етті. Оның үстіне аумақтағы жоғары температура жағдайды ушықтырып, қызметкерлердің өміріне қауіп төндірді. Тілсіз жаудың жақын маңайдағы кәсіпорындарға тарауы әбден мүмкін.

РЕНАТ АЙТПИШЕВ, мамандандырылған №2 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:
– Өртті ауыздықтауға жеке құрамнан 25 маман мен 8 бірлік техника жұмылдырылды. Қосымша 2 арнайы техника тартылды. Аммиак ауаға тарап кетпеуі үшін қолдан келгенді жасадық. Мұнда 48 тоннасы бар.