СҚО әкімдігіАптадағы маңызды жаңалықтар

Айдарбек Сапаров: “Міндетіміз – ауылдықтардың тұрмысын түзеу”

 

Облыс басшысы Айдарбек Сапаровтың аудандарға сапары жалғасып жатыр. Бұл жолы өңір жетекшісі Тимирязев және Шал Ақын аудандарында бірқатар спорттық және әлеуметтік нысандарды аралап, аудан басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Алдымен өңір жетекшісі Тимирязев ауданына ат басын бұрып, «Aq sunqar» деп аталатын дене шынықтыру-сауықтыру кешеніның жұмысымен танысты. Заманауи спорт нысаны осы жылдың мамыр айында қолданысқа берілген. Оған «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 523 млн теңге қаржы құйылыпты. Бүгінде мұнда тұрғындар волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі сынды спорт түрлерімен шұғылданады.

НИКОЛАЙ СУРОВ, бапкер:
– Бұған дейін біз мектепте жаттығып жүрдік. Онда орын аздау болды. Қазір барлық жағдай жасалған. Нысанның іші жылы әрі кең. Мен балаларды шаңғы тебуге үйретемін. Барлық спорттық үйірмелер тегін жүргізіледі.

Өңір жетекшісі мамандарға алғысын білдіріп, балалармен тілдесті.

 АЙДАРБЕК САПАРОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:
– «Как, дети, Вам нравится здесь? Все условия созданы для вас. Как тренирует ваш тренер?»

Облыс әкімі аудан орталығындағы жабық хоккей кортына да барды. Бұл спорт нысаны былтыр пайдалануға берілген. Оған жергілікті бюджеттен 95 млн теңгеге жуық қаржы жұмсалған. Айдарбек Сапаров спортқа алдағы уақытта да ерекше көңіл бөлу қажеттігін айтты. Бұдан соң, өңір жетекшісі ауданда тұрғындармен кездесу өткізді. Алдымен аудан әкімі Ерлан Жаров әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштер туралы баяндама жасады. Ауданда көлік инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінген. Биылдың өзінде жолдарды орташа жөндеуге 135 млн теңгеден астам қаржы қарастырылған екен.

ЕРЛАН ЖАРОВ, Тимирязев ауданының әкімі:
– «Оның аясында Есіл және Сулы ауылдарындағы кіреберіс жол жөнделіп жатыр. Сондай-ақ, Мичурино ауылында 3 көше ретке келтірілді. 3 елді мекендегі ауылішілік жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны – 82,3 млн теңге. Бұл жұмыстар келер жылы өзге де ауылдарда жалғасын табады.

Облыс әкімі ауылдардан адамдардың көшіп кетуі өзекті проблемалардың бірі екенін баса айтты. Тек соңғы 4 жылда аудан орталығынан 2 мың адам басқа жаққа қоныс аударған. Қазір небәрі 4 мың тұрғын түтін түтетіп отыр. Бұлай жалғаса беретін болса, Тимирязев пен Шал Ақын аудандарын біріктіру мәселесі қайта көтеріледі,- деді Айдарбек Сапаров.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
 – Осылай жалғасатын болса, ауданымыз жабылады, шынын айту керек. Халық көшпеу керек. Бұл – үлкен мәселе. Бұны шешуіміз керек. Сіздерді барлықтарыңызды осыған шақырамын. Оянып бірге, не жасаймыз деп үлкен жоспар құрайық. Осы ауданды сақтауға тырысайық бәріміз. Соған сіздер барлықтарыңыз кірісіңіздер. Облыстан мен көмектесейін. Бірақ, сіздер жақтан шығу керек. Жігіттерді ояту керек, жұмыс жасайық, жұмысқа барыңдар деп. Көп ауылдарда жұмысқа да кірмейді.

Ауылдарды сақтап қалу үшін алдымен жол, су мәселелерін шешу керек. Сондай-ақ, ауылдық жерлерде қоғамдық көлік қатынасын жандандыру қажет,- деді облыс әкімі. Бұл проблемамен тек аудан басшылығы ғана айналыспай, жергілікті тауар өндірушілер де өз үлесін қосуы керек.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Бүгінде тауар өндірушілерге жақсы қолдау бар. Тек Тимирязев ауданының кәсіпкерлері мемлекеттен шамамен 4 млрд теңге субсидия алған. Сондықтан, кәсіпкерлер өз туған жерлеріңізге көмектесулеріңіз керек. Сіздер өз үлестеріңізді қоссаңыздар, ауылдан ешкім көшпейді. Мықты, білікті мамандар осында қалады. Елді мекендер өсіп-өркендейді.

Келер жылы Тимирязев ауданы өзінің 60 жылдығын тойлайды. Облыс әкімі мерейтойды жоғары деңгейде атап өту қажеттігін айтып, аудан басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.
Бұдан кейін Айдарбек Сапаров Шал ақын ауданына ат басын бұрды. Ең алдымен өңір жетекшісі аудан жұртшылығымен кездесу өткізді. Аудан әкімі Рахат Смағұловтың есебін тыңдады. Оның айтуынша, екі жыл ішінде аудан бюджеті 2 есеге өсіп, 6,7 млрд теңгені құраған. Қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталыпты.

РАХАТ СМАҒҰЛОВ, Шал ақын ауданының әкімі
 – Өткен жылы тұрғын үй құрылысы саласында 8500 шаршы метр баспана қолданысқа берілді. Былтыр Сергеевка қаласының кіреберісіндегі 46 пәтерлі үйді қалыпқа келтірдік. Бұл пәтерлердің барлығы кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға, мүгедектер мен жетім балаларға берілді. Биыл аудан орталығында тағы 27 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. 50/50 бағдарламасы бойынша жергілікті өндірушілер есебінен жеке тұрғын үйлердің де құрылысы жүруде. Жалпы, биыл 7 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа тапсырылды. Бұл жұмыс тоқтамайды.

Жиын барысында аудандағы ауыл шаруашылығы саласы, денсаулық сақтау, сумен жабдықтау және жол мәселелері талқыланды. Ауданда биыл шамамен жарты млрд теңге игерілмей қалған. Айдарбек Сапаровтың сөзіне қарағанда мұндай олқылыққа жол бермеу үшін дұрыс жоспар құру қажет.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Бір жерде ақша жетпей жатыр, бір жерде ақшаны игере алмай жатыр. Ендігі жылы мұндай болмау керек. Мен мұны қатты бақылауға аламын. Өйткені, дұрыс жұмыс жергілікті жерде қаржы бергеннен кейін оны жасау керек.

Аудандағы білім деңгейі де көңіл көншітпейді. Облыстық білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібековтің айтуынша, аудан түлектерінің Ұлттық бірыңғай тестілеудегі орташа көрсеткіші – 66 балл. Бұл облыстық деңгейден әлдеқайда төмен. Бүгінде мектептер мен педагогтарға қажетті жағдай жасалған. Облыс әкімі аудандық білім басқармасының басшысына осы мәселені жіті бақылауына алуды тапсырды. Айдарбек Сапаров кездесу соңында аудан тұрғындарынан түскен әр сұрақты өз бақылауына алатынын жеткізді.

АЙДАРБЕК САПАРОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Мен өзім бақылауда ұстаймын. Нәтижесін көресіздер барлықтарыңыз. Жұмысты барлығымыз жасаймыз. Сенімдемін. Сіздер көмектесесіздер.

Бұдан кейін Айдарбек Сапаров аудан орталығындағы «Өркен» өнер мектебіне барып, оның жұмысымен танысты. 500 орынға шақталған нысан 61-ші жылы пайдалануға берілген. 2 жыл бұрын ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілді. Бүгінде мұнда балалармен 17 педагог айналысады. Облыс әкімі ұстаздарға алғысын білдіріп, мектеп жұмысына сәттілік тіледі.